Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Баян Алагөзова қызының тойының болатын уақытын айтты

 

https://kaz.365info.kz/tyrsyn-barady-bayan-alagozova-khyzyn-khalaj-yzatatynyn-ajtty-319810

“Негізінде мен қызымның тойына дайындалған жоқпын. Қазіргі уақытта менің қызым атастырылған. Ол ресми түрде “қалыңдық” деген атқа ие болды. Менің кереметтей болашақ күйеу балам Әлішердің қалыңдығы”, – деді продюсер.

Баянның айтуынша, Әлішер Айсәулеге ұсыныс жасамас бұрын той күнін белгілеп қойған. Ғашықтардың үйлену тойы 2019 жылдың 9 наурызына жоспарланыпты.

“Қыз ұзатуды одан бір апта бұрын жасаймыз. Мен өзім де білген жоқпын. Жақсы ене болатын сияқтымын. Әлішермен ара-қатынасымыз жақсы.

Әрі менің бір жақсы қасиетім бар – ешкімнің жеке өміріне араласпаймын. Сол сияқты өзімнің де жеке өміріме ешкімді араластырмаймын.

Ана ретінде мен үшін ең бастысы – қызымның бақытты болғаны. Бұл жас отбасыға мен тек қана бақыт тілеймін. Мен үнемі Айсәулеге “өз мәселеңді өзің шеш” деп айтып отырамын”, – деп ағынан жарылды Алагөзова.

 

https://kaz.365info.kz/koz-zhasyndy-togudi-dogar-ajsaule-bakhytbekti-toj-aldynda-zhigiti-tastap-ketken-be-326843

Бұдан бөлек, Баян Мақсатқызы өзінің жеке өміріне қатысты да сырымен бөлісті.

“Бақыттымын немесе бақытсызбын деп айтудың өзі дұрыс емес сияқты. Кез келген адамның өмірінде қуанышты сәттер де, қиыншылықтар да болады. Әрине, бақытты сәттер көп”, – деді Баян.

 

https://kaz.365info.kz/rezenkemen-zhinap-nagima-eskhalievanyn-yly-khagynyp-alypty-foto-331587

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз