Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-11
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Баян Алагөзова Есентаевпен өмірі жайлы: “20 жыл тамаша өтті”

276

“Без фильтров” бағдарламасының студиясында Баян Алагөзова 2016 жылдың 10 маусымында болған қайғылы жағдайды есіне алуға тура келді. Төрт жылдан астам уақыт өтсе де ол сол қиын күндер жайлы айтқысы келмейді. Баянның айтуынша, Бақытбек Есентаев тиран болмаған, және некеде болған 20 жыл оның өміріндегі тамаша жылдар болған.

“Біздің тағдырымыз жазылып қойған. Мен бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді. Мен қазір басқа адаммен, мүлдем басқа өмір сүріп жатырмын. Өткен 20 жыл тамаша өтті. Егер мен адам көнгісіз жағдайда өмір сүрсем мұндай жетістікке жетпес едім. Сүймегенім мәселе болды, мен бұл туралы кітабымда жаздым, басқа мәселе болған жоқ. Бұл махаббат өзгеріс әкелетін махаббат болды, онымен кездесуім керек болған. Сондықтан бәрі де адамдар ойлағандай қорқынышты болған жоқ”, – деді Баян.

Сондай-ақ адамдар оны құрбан деп санаса, өте қателесетінін айтты. Өмірінде болған бұл оқиғаны Алагөзова сынақ деп қабылдайды.

“Сол оқиғадан кейін көзім әрдайым жасаурайды. Мен өзімді ешқашан құрбан санаған емеспін. Мен мұны сынақ және өзіме сабақ деп есептеймін. Бұл бірдеңеге әкелді, басқа нәтижеге. Өзім құрбан болмасам тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильм ешқашан жасай алмас едім.

Бірақ мен бұған негізделмеймін, себебі өзімді ешқашан құрбан санаған жоқпын және санамаймын да. Бұл жағдай басымнан өткен себебі, мен белгілі бір миссияны орындауым керек болған. Мен солай ойлаймын. Бәлкім осы фильмді шығару үшін сол қайғылы жағдай кезінде тірі қалған болармын,” — деді продюсер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз