Бауы өзі байланатын кроссовки сатылымға шыққалы жатыр

Nike компаниясының HyperAdapt 1.0 кроссовкиі жекелеген дүкендерде 28 қарашадан бастап сатыла бастайтынын хабарлады.

Олардың бауы кроссовкидің өкшесін басқан кезде өздігінен байланады, деп хабарлады ҚазАқпарат Wired-ке сілтеме жасап.

Кроссовкидің бау байлап жатқан кезде механикалық дыбыс шығады, баудың автоматты жұмыс істеуі барысында бірнеше жарық элементтері іске қосылады.