Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласындағы газ стансасында болған жарылыстан зардап шеккен екінші азамат та көз жұмды.
Бөрлі аудандық орталық ауруханасында денесінің 95 пайызын күйік шалған 1957 жылғы азамат кеше түнгі сағат 22.00-де қайтыс болды деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмек көрсету бөлімінің бас маманы Ғалия Құлмұханованың айтуынша, жарақат аса ауыр болғандықтан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бұдан бұрын денесін 75 пайыз күйік шалған 1958 жылғы тұрғын да көз жұмған болатын.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі бойынша Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.