Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

Батыс Қазақстанда баспана салу үшін 2 мыңнан астам жер телімі берілгелі жатыр

Облыстық жер қатынастары басқармасындағылар заң бойынша учаскелер қажетті инфрақұрылымдар – жолдар мен коммуналдық желілер жүргізілген болса ғана берілетінін айтуда.

– 2016 жылы облыс бойынша жеке тұрғын үй салу үшін 121 жер учаскесі берілді. Соның ішінде 39 жер учаскесі Ақжайық ауданында үлестірілді. Екінші жартыжылдықта 2278 учаске беру көзделіп отыр. Соның 1623-і – Бөрлі ауданында және 360-сы Зеленов ауданында беріледі, – деп атап өтті облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова.

Соңғы бес жылда жер учаскесі берілмеген Оралда жер үлестіру мәселесі қарастырылып отырған жоқ.

– Себебі жер беруге арналған аумақта қажетті инфрақұрылым жоқ. Қаланың жаңа жоспарына сәйкес аймақтың инфрақұрылымы ретке келтірілетін болады. Содан соң барып учаскелерді бере бастаймыз, – деді Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз