Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Оралда жат ағымды ұстанған 17 жігіт ұсталды

Хабарламада айтылғандай, алдын ала жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында көлікті ешқандай дінді ұстанбайтын ортаға жататын адамдардың заңсыз иеленгені расталды.

«Ықтимал жағымсыз салдарды болдырмау мақсатында, 17 адам анықталып, ұсталды. Олар 10 маусым күні сағат 02:00-де жанжалдасушы тараппен кездесу үшін Асан кентіне аттанбақшы болып, «Бәйтерек» базары маңында топтасып тұрған жерінде құрықталды. Көліктерді тінту кезінде 5 сойыл және 1 арматура алынды»,  делінген терроризммен күрес жөніндегі штабтың хабарламасында.

Ұсталған адамдар Орал қаласы ішкі істер департаментіне жеткізіліп, бастапқы тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тексерудің қорытындысы туралы штаб өкілдері қосымша мәлімдейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз