Қаскөй осы өңірдің Жәнібек ауданында қолға түсті деп жазады “Уральская неделя” газеті.
Айта кетейік, осыған дейін 26-қазанда Жәнібек ауданындағы ауылдардың бірінде алты жасар қыздың зорланғаны хабарланған болатын.
“Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу жұмыстарының нәтижесінде ауыр қылмыс жасады делінген күдікті ұсталды. Ол Жәнібек ауданында қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдіктінің кінәсін дәлелдеу үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары Мәдиев.