18+
Астана
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
376.3
+0.04
EUR
425.22
-0.41
RUB
5.68
0.00

«Басымды иемін…». Атақты Аль Бано тамсанып, қазақ жігіті туралы айтып отыр (видео)

Атақты Felicita әнінің орындаушысы, әлемдік деңгейдегі итальян әншісі Аль Баноның Айман Мұсаходжаевамен әңгімелесіп отырған видеосы желіде пайда болды.

Видеода олар Димаш туралы әңгімелеп отыр. Бұл видеоны Димаш Құдайбергеннің өзі Инстаграмдағы парақшасына жүктеген.

„Қалпағымды шешіп, басымды иемін. Вокалдың мықтылығы соншалық, тыңдап тұрып бәрін ұмытасың. Соңғы 40 жылда естіген ғаламат дауысым осы болар. Еркектің зор дауысынан әйелдің нәзік үніне оп-оңай ауыса салады. Түк емес секілді. Ал бұл мүмкін емес нәрсе ғой!

Бәрі бар онда: жастық та, сұлулық та, ғаламат дауыс та„

https://kaz.365info.kz/sorlajsyndar-dimash-khydajbergen-denis-tenge-khol-zhymsagandardy-silimtikter-dep-atady-324627

деген Аль Бано Димаш өз заманында аты жер жаратын әнші болатынына еш күмән келтірмеді.

Ал осы видеоны желіге жүктеген Димаш атақты Аль Баноның аты аңызға айналған жұлдыз болса да кішіпейілдік танытуына әбден тәнті болғанын, оның өзіне үлгі екенін жазды.

https://kaz.365info.kz/keremet-khoj-frantsuzdyn-ygaj-sygajlary-da-dimashty-telefonga-tysirip-alek-video-262892

Айта кетелік, Димаш Құдайберген бала күнінен музыкамен кәсіби тұрғыда айналысады. Әке-шешесі де музыка саласына ғұмырын арнаған талантты әрі Қазақстанға үлгілі отбасы. Димаш Витебскіде өткен «Славян базарында» Гран-приді ұтып алды. Одан соң Қытайда тек кәсібилер бақ сынайтын I’m a Singer жобасында төбе көрсетіп, жеңімпаз атанды.

https://kaz.365info.kz/gollivudtyn-sylkhymy-armanyna-zhetti-dimashpen-bi-bilep-kholynan-ystady-video-262375

Сол кезде оған жан-жақтан сұраныс артты. Димаштың талантына Лара Фабиан, Джеки Чандардың өзі бас иді. Қазір оның бүкіл жер шары бойынша фанаттары бар.