Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бастығымнан жүктімін, баланы алдыртқым келмейді

243

Мен шалыс бастым, мойындаймын. Өзіме де сол керек. Мен ол жігіттен ешнəрсе күтпеймін. Ажырасып мені алсын деген 3 ұйықтасам түсіме кірмеген ондай ой. Мен қателестім. Соның зардабын шегіп жатырмын. Бірақ бір нәрсе анық, мен аборт жасамаймын. . Өз баламды қалай өлтіремін. Ол баланың кінəсі жоқ. Оны туып, далаға да тастамаймын. Енді тек осы балам үшін өмір сүремін. Дұрыс өмір сүруге, енді қателік жасамауға тырысамын.

Ары қарай, өзімді де баламды да Аллаға тапсырдым. Əке-шешем білмейді. Олар маған ұрыспайды. Өздерімен өздері. Мен кішкентай кезімнен көп қиындық көріп келемін. Көп қорлық көргенмін. Үнемі алданып қалам. достарым да сатып кетеді. Мамам 10 жасымда қайтыс болған. Екінші анам бар. Қазір 22-демін. Кешіріңіздер артық кетсем. Жай кімге айтарым білмеймін,  қатты қиналып кеттім…

Аноним

Дереккөз: Алаш айнасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз