Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

“Басшының жауапкершілігі күшейтілсін!”. Елбасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Кездесу барысында Елбасыға агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша  қолданған шаралары жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа факторлы-балдық төлем жүйесінің мемлекеттік қызметке енгізілуі жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы да баяндалды.

Қазақстан президенті жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, тиісті алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтты.

“Барлық салада жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуге тиіс.

Біріншіден, тиісті мониторинг жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жөніндегі мәселені шешу керек.

Үшіншіден, басшылықтың жауапкершілігін арттыру маңызды”,

– деді мемлекет  басшысы.

Кездесу барысында Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолында қолданылып жатқан шаралар мен оны халықаралық сарапшылар қоғамдастығының бағалау нәтижелері туралы мәлімет берді.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз