Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Басқа камераға ауыстырсын!”. Мамай өз өмірі үшін алаңдайды

Адвокаттың айтуынша, өткен аптада Мамайды жалпыға ортақ камераға ауыстырған. Түрмеде оған “физикалық және моральдық қысым жасалған” деді адвокат. «Оның денесінен мен соққының іздерін көрмедім, бірақ біз мекеме басшысы атына оны басқа камераға ауыстыру туралы өтініш жаздық», — деді Жанар Балғабаева.

Бұған дейін «Саяси қалам. Трибуна» газетінің журналисі Инга Иманбай өзінің Facebook’тағы парақшасында Мамайдың адвокатқа жазған өтінішінің көшірмесін жариялаған еді. Онда ол өз өміріне алаңдайтынын, өзін басқа камераға ауыстыруын сұрайтынын жазған.

Мекеме басшысы Бақытжан Баймағамбетов күдіктіге қысым жасалды дегенді жоққа шығарды. Бірақ журналистің басқа камераға ауысуды қалайтынын растап, оның өтініші қаралып жатқанын айтты.

28 жастағы Жанболат Мамай 10 ақпанда ұсталды. Медеу аудандық соты оны 10 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол заңсыз ақшаны заңдастырған делінеді. Мамай өзіне келтірілген айыптарды жоққа шығарып, бұның бәрін өзінің газетін жабу үшін жасалған әрекет деп бағалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз