Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Бас прокуратура: Алты айда заңсыз ұсталған 708 адам босатылды

Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті.

Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды. 708 заңсыз ұсталған адам босатылды.

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша  тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.

Конституциялық Сотта 10 іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді (сот қорғау құқығын іске асыру, заң алдындағы барлығының теңдігі, заң көмегінің қолжетімділігі жөнінде). Конституциялық Сот Бас Прокурордың 2 жолданымы бойынша оң шешімдер шығарды.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылы Кипрмен сотталғандарды беру туралы және Катармен құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы халықаралық шарттарға қол қойылды. Олар Парламентте ратификациялануда. Басқа елдерден шетелде жасырынған 13 іздеуде жүрген адам экстрадицияланды.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас Прокурор негізгі міндеттерді белгілеп, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар берді. Прокурорлар мемлекет басшысының азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, активтерді қайтару, әсіресе отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға, есірткіге, алаяқтыққа қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа, азаптауларға  қарсы іс-қимыл және қадағалау қызметінің басқа да өзекті бағыттары бойынша тапсырмаларын орындауды жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз