Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
8
USD
490
+1.25
EUR
534
+3.36
RUB
4.99
-0.02

«Барып тұрған надандық»: Айгүл Орынбек Гүлзира Айдарбекованың әрекетін қатаң сынады

Заң үстемдігін орнатқымыз келсе, елдің алдында жүрген жұлдыздар бірінші тәртіпке бағыну керек! Биліктегі көкелердің  алдында сайрап жүрміз,  «крышалар құтқарып қалады» деген түсінікті жою керек! Қаншама жас жігіттер жазықсыз 10-15 жылды арқалап кетіп жатыр!

Журналистер! Әділетсіздікке тап болып шырылдаған аналардың жан айқайын дәл осылай шығарсаңдар ғой шіркін! «Баламның іс әрекеті дұрыс емес, бұл отбасымызға менің жасаған жұмысыма үлкен сын» деп бұл тақырыпты сол кезде жабу керек еді! Алайда, баласынан батыр жасап, оны ақтап қайта-қайта мен анамын деп емірене беру баланың жасаған заң бұзушылығын қолдау! Баласы елін қорғап соғысқа  барып келсе, қоғамдағы жемқорлықпен күресіп жүрсе мейлі екен,  оны түрмеден жарияға жар салып күтіп алу – бұл енді масқара! Қырыққа келіп өзі жасаған ісіне өзі жауап бере алмай анасын араластыру, бұл – ҰЯТ! Бұл біздің қоғамда – әлсіз мамасының балалары көбейіп кеткендігінің айқын көрінісі! Менімен келіспей  «ол ана баласын  әрине қорғайды» дейтін шығарсыздар!

Балам екен деп барлық жерге мұрнын сұға беру, баланың келесі қылмысқа жол ашуына мүмкіндік беру! Еркек –  еркекше шешім қабылдап,  жауапкершілікті мойнына алатын уақытты,  өзіне қалдыру керек! Қазіргі уақытта заңды көбінесе мамасының етегінен шыға алмайтындар бұзып жатыр!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, таяуда әнші Қайрат Нұртас үшақтағы шуға байланысты 15 тәулік темір торда отырып шықты. Оның қамауда отырған кезде анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде баласына сағынып жүргені туралы жиі пост, видео салған еді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз