Жанжал кезінде туған қызын өлтірген 44 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
Бұрын сотталған, 1974 жылы туған ер адам 99-баптың 2-бөлімі 14-тармағы (Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны қасақана өлтіру) бойынша айыпталып отыр.
https://kaz.365info.kz/khostanajda-arakhkha-zhymsap-mazasyn-algan-kyjeuin-ajeli-pyshakhtap-tastady-286591
Ер адам 2016 жылы мерзімінен бұрын түрмеден шығыпты. Бостандыққа шыққан соң Қостанайдағы туған әпкесінің үйінде тұрады. Онымен бірге кәмелеттік жасқа толмаған, 2002 жылғы қызы да тұрған. Әкесі қызын тәрбиелеп, бағып-қағуға тырысады.
Биыл наурызда ер адам әке ретінде тілін алмай қойған қызымен ұрысысады. Мас күйінде ашуға булыққан ол жасөспірімді пышақтап тастаған. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды.
https://kaz.365info.kz/ystinen-tysipti-ridderde-er-adam-ajelinin-konildesin-pyshakhtap-tastady-254083
Іс Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.