Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-16
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

“Бәріміз адамбыз”. Жұрт Айқынмен қосып жүрген Жұлдыз Өмірғали пікірін айтты

112

Сонымен қатар, әнші Instagram желісінде өзіне қатысты айтылып жүрген сындарға былай деп жауап қатты:

“Анық- қанығын білмей, жамандауды жақсы көреді. Мен оған көз жұмамын. Себебі үйреніп қалдым. бірақ бір кездері ашуыма тиген уақытта сол адамдарға жауап қайтарамын. Бәріміз адамбыз. Ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. Менің басымнан өтпейді деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өмірің қандай екені, қандай бұрылыс болып, сен қандай адаммен жолыққаныңды өзің де білмей қаласың. Жағымсыз пікір жазған адамдарды, шыны керек, жүрекке қабылдағым келмейді, себебі олар білмей жатып сөйлейді”, – деп ой түйді “КешYou” тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали.

Айта кетейік, таяудан бері әлеуметтік желілерде Жұлдыз Өмірғали әнші Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шықты деген қауесеттер тарап жатыр. Бұған Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы себеп болған еді. Ал кейін Айқын Төлепберген бұл видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, “жеке өмірге араласу дұрыс емес”.

Айта кетейік, Айқынның тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниеге келген. Ал екінші қызы 2016 жылдың мамырында туған.

Еске салайық, Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили әйелдеріне арнап, “Әр күні” (“Каждый день”) композициясына бейнебаян түсірген болатын. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті. Ал 22 жастағы Жұлдыз Өмірғали Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті. Ол КешYOU тобына 2014 жылы келіп, былтыр шығып кеткен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз