Бангладештегі жарылысты ДАИШ емес, жергілікті содырлар жасады. Олар ауқатты отбасыдан шыққан көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар екен.
Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі мәлімдеді деп хабарлайды 24.kz.
Осының алдында қанды шабуылды ДАИШ мойнына алған болатын. Премьер-министр Шейх Хасина лаңкестік әрекетке байланысты елде екі күнді қаралы деп жариялады.
Марқұмдардың арасында Жапония, Италия, Үндістан және АҚШ азаматтары бар.