Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Балама тиісті ғой”. Оқушыны ұрған әкім ағынан жарылды (фото)

Оқушыны ұрып жыққан әкім Жанат Омаров Қорғалжын ауылының әкімі болып сайланғанына жарты жыл ғана өткен.

 

Ол “өз баламды осылайша қорғамақ болдым. Таяқ жеген ұлымды көргенде өзімді ұстай алмай қалдым” дейді.

https://kaz.365info.kz/tilin-shajnap-tastapty-auyl-akimi-mektep-okhushysyn-tepkilep-tastagany-ras-pa-foto-304106

 

Оның бұл әрекетін тәртіптік кеңестегілер ұзақ талқыға салды. Тіпті, мектеп-интернатқа бөтен адамның рұқсатсыз кіруіне жол берген аудандағы басқа басшылардың да жауап беруіне тура келді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал әкімнен таяқ жеп, басынан ауыр соққы алған Диас Мұқан Астанадағы ауруханада емделіп жатыр. Жанат Омаров болса баланың ата-анасынан кешірім сұраған екен.Бірақ, оны ұрып, тепкілеген жоқпын деп тұр.

 

https://kaz.365info.kz/sazajyn-tartty-sotkhar-kim-khyzmetten-khuyldy-304225

 

“Былай жақындап келдім де, жағасынан алмақ болдым. Директорға апарғым келген. Ол орындығымен құлап түсті. Мен оны ұрған жоқпын, шкафқа да соғылған жоқ. Мен өз баламның мұрнынан қаны ағып мейірбикеде отырғанын көріп осылай өзімді ұстай алмай қалдым. Бірақ тепкіледі деген бекер сөз”, – деді Қорғалжын ауылдық аймағының бұрынғы әкімі Жанат Омаров.

 

https://kaz.365info.kz/kholy-myzdaj-auyl-akimi-sokhkhyga-zhykhkhan-balanyn-anasy-tagy-bir-symdykhtyn-basyn-ashty-304128

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз