Баланы таяқпен тәрбиелеуге тырысқан ол кішкентайдың өгей шешесі екен.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Балкондағы көріністі көршілері камераға түсіріп алған. Онда әйелдің баланы қолы мен аяғынан таяқпен ұрып жатқан сәті анық көрінеді. Ал, ювеналды полиция қызметкерлері бала мен әйелдің аты-жөнін сол күні анықтаған. Қазір өгей шешеге қатысты барлық дәйектер жиналып, кәмелетке толмағандар ісі мен балалар құқығын қорғау комиссиясына жіберіліпті.