Астанада «Сенатор» тұрғын үй кешенінің ауласында жас келіншектің денесі табылды. Куәгерлердің болжамынша, ол балконнан құлап кеткен.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
https://kaz.365info.kz/zhiberinder-ej-khajrat-nyrtastyn-inisi-politsejlerge-ystalyp-khaldy-video-325768
«Сенатор» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының сөзінше, 26 жастағы келіншек балаларын шақырмақ болған. Алайда осы кезде 12-қабаттағы балконнан құлап кетіпті.
«Мәйітке ұзақ уақыт бойы ешкім жолаған жоқ. Себебі жерде мас адам жатыр деп ойлаған», – дейді тұрғындардың бірі.
Көршілерінің сөзінше, марқұм оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Оның артында 3 баласы қалды.
Астана ІІД-дегілер мәліметінше, оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаны мән-жайы анықталуда.