Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Балаларын асырай алмай отырған ана бүйрегін 3 миллион теңгеге сатпақ

«Көшеде жүргендерді көрсең мен де балаларымды киіндіргім келеді, қыдыртқым келеді. Сол жоқшылықтан ғой бәрі», – дейді Сайора Сатыбалдиева.

Жас келіншектің тұрақты мекен-жайы мен жұмысы болмаған соң құжаттары да заңдастырылмаған. Сондықтан ол кез-келген уақытта Өзбекстанға  департациялап жіберсе, балаларымнан айырылып қалам ба деп қорқады. Тұңғышы Сәбинаны туғанда жолдасы әупірімдеп ақша тауып, перзентханадан туу туралы анықтаманы алған. Ал ұлын босанғанда туылғандығын растайтын бір-ақ жапырақ қағазға да зар болып қалған.

«Келісім-шарт бойына кассаға ақшасы төленбегендіктен өз еркімен құжаттарын тастап кеткен. Сол кезде жазып кеткен қолхат. Мен жақын кезде келіп, ақылы жатқан күндерімді төлеп, құжатымды, выпискамды аламын деп тастап кеткен. Одан кейін ол әйел бізге хабарласқан жоқ», – дейді Қарасай аудандық аурухана директорының орынбасары Гүлмира Чакчабаева.

«31 арна» тілшілері барған соң ғана дәрігерлер түсіністікпен қарап, әйелдің құжаты мен баланың Қаскелеңнің перзентханасында туылғандығын  растайтын анықтаманы тегін берді. Алайда мәселе бұнымен шешілмейін деп тұр. Себебі сәбилердің туу туралы күәлігін жасату үшін өзбек әйел тұрақты тіркеуге тұруы керек. Ал бейтаныс адамды өзіне тіркеуге қоюға ешкімнің құлқы жоқ.

«Ана жаққа барсам, анда бар дейді, ары-бері жүргізіп жатыр. Бір айдан бері қиналып кеттім, документ жөндеймін деп. Ақшам жоқ менің, бүйрегімді сатудан басқа амалып қалған жоқ. Балаларым үшін бәріне дайынмын», – дейді қапаланған ана.

Сайораға балаларына туу туралы күәлікті жасату үшін талай мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздыру керек. Алайда халыққа қызмет көрсету орталығы бұл біздің құзыретімізде емес деп камераға комментарий беруден бас тартып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз