5 баланың қайтыс болғаны туралы жаңалық бүкіл Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. Астанада 3-нен 4 ақпанға қараған түні бес қыз баланың өмірі қиылды. Бүкіл ел аза тұтуда…
«Сендерге ұят емес, ал маған ұят» — КешYOU тобының жаңа құрамы сынның астында қалды
5 ақпан күні белгілі продюсер бір оқпен екі қоян атуды шешті. Атақты «Кешью» тобының жаңартылған құрамын ұсынып, өзінің мерейтойын «45 — Баянка ягодка опять» тақырыбымен атап өтті.
Салтанатты шара оңтүстік астананың үздік мейрамханаларының бірінде ұйымдастырылды. Баян Алагөзованың ән орындауы қонақтар үшін басты тосынсый болды.
Продюсердің өзі және оның жақындары бұл күні мерекелік жарияланымдар салмауды ұйғарған, бірақ қонақ болып келген жұлдыздардың кейбірі мерекелік кештен видеоларды бөлісіп отырды.
Кеш бойы қонақтар Instagram-дағы парақшаларында өздерінің ән шырқап, би билеген жарқын бейне-суреттерімен белсенді бөлісті.