Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Балалар таситын автобустар қандай талаптарға сай болуы тиіс? (фото)

312

Атап айтқанда, 12 жасқа дейінгі балаларды тасуға кезінде балабақшалар мен шағын орталықтардың жеке автокөліктері ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатына сәйкес арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, екі есігі бар, техникалық жай-күйі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға жауап беруі қажет:

Балалар автобусын жасы 25-тегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.

Автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгісі орнатылып, аталған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуы керек.

Тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.

Ал, «Балаларды тасымалдауға арналған автобустар», Техникалық талаптар және сынау әдістері (ГОСТ 33552-2015) мемлекетаралық стандарты нормативтік құжатының талаптарына сәйкес, ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті болуы және онда 8 литрлік екі өрт сөндіргіш құралы /огнетушитель/, екі дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс.

Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жүретін жағдайда, олармен арнайы жол-патрульдік полициясының арнайы автомобильдері қоса жүруі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз