Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өсетін болды. Алайда…

1242

Алайда ол үшін тәрбиешілер бірыңғай біліктілігін арттырып, аттестациядан өтуі қажет. Сонымен қатар жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер қосымша ақы ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Сағадиевтің сөзінше, мектепке дейінгі білімнің сапасын көтеру мақсатында жасалған жол картасында бірнеше ұсыныс жасалып отыр. Бүгінде аталған ұсыныстар талқыланып жатыр.

«Біріншіден – бірыңғай біліктілік, мұғалімдерге сияқты ұлттық тестілеуді енгізу.  Биыл 60 мың мұғалім бізге келіп, ұлттық тестілеуден өтті. 36 мың мұғалім жоғары баға алып, жаңа біліктілікке ие болды. Сонымен айлықтары 30-50 пайызға дейін көтеріліп отыр. Енді соның бәрін тәрбиешілерге ұсынып отырмыз», -дейді министр.

Білім министрінің айтуынша, бірыңғай біліктілігін арттырған және ұлттық тестілеуден өткен тәрбиешілердің жалақысы 30-50%-ға көтеріледі.

«Екіншіден,  министрлік барлық тәрбиешілерді В3 блоктан В2 блокқа көтеру ұсыныстарын және есебін дайындап отыр. Келесі жылы оны мемлекеттік бюджеттік комиссияға шығаратын боламыз. Үшіншіден, мектептердегі сияқты жаңартылған мазмұнмен жұмыс істейтін педагогтарға қосымша ақы төлеу қарастырылады», – дейді Сағадиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз