“Алма-Ата, штат Небраска” тобының мүшелері әлеуметтік желіде Нагимуша деген лақап атпен танымал белгілі блогер Нағима Ахметованы алып қашты.
Бірақ бұл ойын түрінде болды, әрине. Бұл туралы Нағиманың өзі ештеңе білмеген. Есі шыққан қыз қатты абдырап, көз жасына ерік береді. Барлығы шынайы өмірде болып жатқандай қойылымның видеосы Youtube желісінде пайда болып, қазір көптеп тарап жатыр.