Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрін сынға алды

Сағадиевтің сөзінше, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тоғыз мектепке бөлінген 2,1 миллиард теңге тендердің кеш өткізілуіне байланысты, Ақмола облысында бір мектепке бөлінген 759 миллион теңге құрылысшылардың өзара соттасуы салдарынан игерілмей қалған.

Сағынтаев аталған облыстарда мектеп салу бойынша конкурстардың әлі өткізіліп жатқанын сынап, “үлкендер тендер ойнап жатқанда балалардың зардап шегіп жатқанын” айтты. “Мұны бірдеңе ету керек. Балалардың жаңа мектепте оқығысы келеді. “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан қаржы бөлінді. Ал біз болсақ жаңа оқу жылы басталғанда әлі тендер өткізіп жатырмыз. Мұндайды түбірімен жою керек” деді Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз