Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов теңге бағамының құбылуына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы NUR.KZ “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұлтановтың айтуынша, ұлттық валюта күрт төмендейтін болса, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады. Ал әзірге ондай қажеттілік жоқ екен.
“Бюджет бағамға сай көрсеткіштер аясында құрылды.Біз әзірге төтеп берудеміз. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалар аясында қаржы жетпей жатса, ұлттық валютаға тәуелді мәселелер талқыланатын болады”, – дейді мекеме басшысы.
Сол арада америкалық валютаның орташа бағамы айырбас нүткелерінде 349 теңгені құраған.Кей айырбас нүктелерінде доллар 351 теңгеден сатылуда.
Ал қазақстандықтар доллар бағамы 400 теңгеге дейін жетеді деп топшылауда.