Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бақыт Сұлтанов астаналықтардың басты проблемасын қалай шешетінін айтты

Мәслихат отырысында әкім қала маңындағы елді мекендерді дамытуға екпін берілетінін атап өтіп, алдағы уақытта Ильинка мен Лесозаводты аралап көретінін жеткізді. Оның айтуынша, елордада көлік коллапсы аса өзекті болып табылады. Бірақ мәселені шешу өте оңай.

– Бүгін, қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірінші кезекте ыңғайсыздық тудырып отырғаны –

көлік коллапсы.

https://kaz.365info.kz/bakhyt-syltanov-astana-khalasynyn-akimi-bop-tagajyndaldy-331273

Ата-аналар балаларын балабақшаға, мектепке күнделікті жеткізіп салғанда мұны көріп отыр. Кеше әдейілеп 17 мектеп пен Республикалық физико-математикалық мектептің жанынан өттім. Шынтуайтында, көптеген проблемалардың шешімі оңай.

Тек кабинеттерден шығып, көшені аралап, жағдайды қағазға түсіру керек. Мектеп басшылығымен, ата-аналармен кездесіп, келісу қажет.

Көп жағдайда проблеманы өзіміз жасап отырмыз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Әкім мектептер маңайын қарап шыққаннан кейін бірбағытты жолдар көлік қозғалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретініне көзі жеткенін айтты. Оның есептеуінше, жарты сағаттың ішінде 85 пен 180-інші мектептер айналасына 70-80 көлік жиналған.

https://kaz.365info.kz/ma-sagan-bayan-alagozova-kameraga-tykirip-zhiberdi-video-333103

«Әрине,

School Bus-ты енгізу, қоғамдық көлік санын ұлғайту және жол қозғалысын жеңілдету бойынша жүйелі шешімдерді ойластырып жатырмыз.

Тиісінше, машиналар саны азаятын болады», – деп қосты әкім.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мәслихат отырысында қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун алдағы уақытта Астананың сол жағалауында алты автожол бірбағытты болатынын айтты. Бүгінде оң жағалауда бір бағыттағы алты жол бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз