35-39 жастағылар да жас отбасы қатарына жатқызылуы тиіс.
Бұл ұсынысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев Үкімет басшысына қарата айтқан сөзінде мәлім етті деп хабарлады
Сенат депутаты Дархан Қалетаев 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында баспана алуға үмітті отбасылар үшін жас аралығын ұлғайтуды ұсынды.
“Алайда баспана алуға үмітті отбасылар үшін жас шектеуі бар. Мәселен, бір санат бойынша, ерлі-зайыптылар үш жыл отасқан, бір балалы және 35 жасқа толмаған болуы тиіс. Екінші бір санат бойынша, жас отбасының некелескеніне екі жылдан аспауы керек және ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы шарт.
Қазіргі таңда баспана мәселесі жастар арасында өте өзекті болып отыр. Сол себепті жастар кеш үйленетін болған. Мұндай жағдайда отбасылар үшін жас талаптарын өзгерту қажет.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, бір санат бойынша жас аралығын 35-тен 39 жасқа дейін ұлғайтуды, ал “жас отбасы” санаты бойынша 29 жастан 35 жасқа дейін белгілеуді қарастыруыңызды сұраймын”, — деді Қалетаев премьер-министрге.
Еске сала кетелік, Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен үлкен жеңілдікпен жас отбасыларға пәтер беріледі. Алайда жас отбасыға қатысты белгіленген шектеулер талай жастың жолын жауып, мүмкіндіктен айырып жүр. Сондықтан Қалетаев көтерген мәселе көптің көңілінде жүрген өте өзекті мәселе, ол қабылданса, халықтың Үкіметке деген қатқақ көңілі бір жібір еді.