Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Байзақовамен суретке түскен Жігер Ауыпбаев елдің түсінбестігін туғызды

1931

Әнші атышулы бикешпен түскен суретінің астында адамды ойға жетелейтін әңгімесімен бөліскен, деп жазады Stan.kz.

“Жапон ғалымы түбі дымқылданған үш кесеге күріштің үш талын бөліп салып бір бөлмеге қояды. Және күніге келіп бірінші ыдысқа салынған күрішке неше түрлі жаман сөздерді айтады. Екінші ыдыстағы күрішке әдемі сөздерді айтып, мақтап мадақтайды. Ал үшінші ыдыста тұрған күрішке үндемей қояды екен.

Уақыт өте келе, нәтежиесінде әдемі сөздер арнаған кеседегі күріш өніп, көгере бастайды. Ешқандай сөз айтылмаған кеседегі күріш еш өзгерместен сарғайып кетеді. Ал неше түрлі жаман сөздер арналған кеседегі күріштің өңі қарайып кеткен екен. Сонымен не дегің келді? дейсіз ғой.

Қоғамға кері әсерін тигізетін дүние пайда болса не істеу керек?

1) БАҚ арқылы жариялау;
2) Тек жаман пікірлермен қуып шығу;
3) Үндемей қоя салу; Ойланып жауабын жазып көріңіз”, – дейді Жігер.

Желі қолданушылары Ауыпбаевтың сұрағына мән берместен, оны Байзақовамен түскен суреті үшін сынай жөнелді.

“Сізге мына қызбен түскен жараспайды”, “Баланың әкесі емессіз ба?”, “Жігер, мына фотоңыз енді ұят, сонда сіз мына қызды қолдайсыз ба? Сізді ел намысты, патриот, ақ пен қараны ажырата алатын қайсар жігіт деп ойлайды. Ал енді не ойламақ?”, “Бала сенен боп тұр ғой сонда”, “Жігер, өзіңнің не жазғаныңды да білмейсің ау… Табанында бүрі жоқ, солқылдақ, аударылып-төңкеріліп отырған дұрыс емес. Айжанды қолдайсың ба, қолдамайсың ба жігітше ашық жазуың керек еді. Быламық қылмай”, – деп пікір білдірген инста-оқырмандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз