Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Байқаңыздар! Дәрігерлер Алматыда “психтар” көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қақты

503

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕМДЕЛУШІСІ:

– Ол кезде енді көңіл-күйім болмайды, ештеңке істегің келмейді. Адаммен сөйлескің келмейді. Көргің келмей қиналатын кездерім болады.

Фардана ХАЛЫҚОВА, «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКК БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

– Мұндай науқасқа шалдыққан адам ешқашан өздігінен ауруын мойындамайды. Ол созылмалы түрге айналған кезде ғана мамандарға жүгінеді. Көбіне адамның мінез-құлқының өзгергенін, қылықтарының құбылғанын және ұйқысы қашып, тәбетінің болмауын көбіне туыстары байқайды.

Индонезиядағы апатты болжаған ғалым: Алматыда 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Алматыда қазір 10 мыңнан астам адам психикалық клиникалардың есебінде тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке артқан. Жылына орта есеппен 300 адам жүйке жүйесі аурулары клиникасына келіп емделеді.

Сапар РАХМЕНШЕЕВ, «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКК ДИРЕКТОРЫ:

– Бізде қазір 10 мың 600 адам есепте тұрса солардың 70 проценті шезофриния, яғни, тұқым қуалайтын аурулар. Жұрттың бәрінің ойлайтыны, осы психикалық аурумен ауыратындар сөйлесе алмайды, жұмыс істей алмайды деген түсінік қалыптасқан. Бұл қате пікір. Олар уақтылы дәрісін ішіп, емін қабылдап, кеңесін алып отырса, олар қалыпты адамдар. Жұмысқа жарамды, отбасылары бар адамдар.

Сұмдық! Түркістанда балаларын дуалға ұратын әкенің қылмысы әшкере болды (видео)

Психикалық ауытқушылықтарға тұқым қуалаушылықтан тыс өзге факторлар да әсер етеді.

Мамандардың айтуынша,

жүйке жүйесінің ауруының қоздырғышы ретінде технологияның дамуы, соның ішінде ғаламтор мен компьютерлік ойындарға деген тәуелділік алдыңғы орынға шығып кеткен. Дәрігерлер ата-аналарға балаларды осы ғасыр індетінен қорғауға шақарады.

Дүниежүзіліқ денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 2020 жылға қарай психикалық аурулар мен жүйке жүйенің тозуы дерті жүрек қан-тамыры ауруларынан кейінгі екінші орынға шығады деп болжап отыр. Мұндай ауруға шалдыққандардың 90 пайызы өз-өзіне қол салады. Яғни, әлемде әрбір 100 мың адамның 16-сы осы себептен суицидке барады.

«Бәрібір сенбеймін». Пәктік туралы даудан кейін 18 жастағы қалыңдық суицид жасады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз