Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Индонезиядағы апатты болжаған ғалым: Алматыда 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

823

https://kaz.365info.kz/almatyda-tagy-kyshti-zher-silkinisinin-boluy-bolzhanuda-275386

– Біздің құрылғылар бүкіл тау қыраттарына қойылған. Тіпті, Алтайға дейін. Сондықтан жер сілкінісін біз алдын ала болжай аламыз. Индонезиядағы табиғи апатты да болжадық біз. Қазақстан үшін 2019 жыл ауыр болмақ. Алматыда жер сілкінісі болуын болжап отырмыз. 6 балдық. Бұл тек қала тұрғындары үшін емес, түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлер үшін де үлкен сынақ болмақ, – дейді ол.

Қазіргі уақытта барлық ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі тексерілуде. Ең алдымен оқу орындары мен медициналық мекемелер жағдайы бақылауға алынған.

Алматы қалалық сәулет және құрылыс басқармасының басшылығы өткен жылы осы мақсатта мемлекеттік қордан 500 миллион теңге бөлінгенін айтты. Ал биыл тағы да 300 миллион теңге қарастырылыпты.

Мамандардың сөзінше, Алматыдағы ғимараттардың көпшілігі сейсмикалық тұрақты деп танылған. Егер ол талаптарға сай келмесе, жақын арада қалыпқа келтіру керек дейді олар.

Индонезияда жойқын жер сілкінісінен жүздеген адам қаза тапты

Қазіргі уақытта қаладағы ең сейсмикалық тұрақты ғимарат ретінде 1975 жылы салынған “Қазақстан” қонақүйі танылған екен.

Айта кетейік, Инюшин Индонезиядағы табиғи апаттың болатынын 20 күн бұрын болжап, дабыл қаққан.

Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1,2 мың адамнан асқан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз