Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Байқа, сен…”. Ердоған қырғыз президенті Жээнбековке ескерту жасады

101

https://kaz.365info.kz/nyrsyltan-nazarbaev-tyrki-kenesinin-sammitine-khatysuda-330061

Ердоғанның сөзінше, Түркия өз басынан өткен жағдайдың бауырлас елде қайталанғанын қаламайды. Түрік президенті Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің ешқашан болмауына тілектес екенін білдірген. Бұған қоса ол Түркия білім саласындағы әріптестікті “Маариф” қоры арқылы жүргізетінін айтқан.

“Олар армияға, полицияға және мемлекеттің басқа да салаларына еніп алып, мемлекеттік төңкеріс жасайды”, – деп мәлімдеген Ердоған.

Сооронбай Жээнбеков Түркияға қарсы бағытталған іс-әрекеттерді қолдамайтынын білдірген. Ол сонымен бірге “Сапат” мектептері толықтай мемлекеттің бақылауында екенін айтқан.

Ердоған бұған дейін де, 2018 жылғы сәуірде Қырғызстан президенті Анкараға сапармен барған кезде Жээнбековпен “гүленшілер” мәселесінталқылаған.

2016 жылы Түркия Қырғызстанда “гүленшілер” ықпалы күшті деп мәлімдеп, қырғыз билігін қозғалыс қызметіне тыйым салуға шақырған. Қырғызстанның сол кездегі басшылығы Анкараның өтінішін орындаудан бас тартқан. Президент Алмазбек Атамбаев “Түркия Қырғызстанның ішкі ісіне араласып отыр” деп сынаған.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-zheenbekovke-khazakh-pen-khyrgyzdan-zhakhyn-halykh-zhokh-330031

Қырғызстанда Гүленнің жақтастары ашқан деп есептелетін бірқатар білім беру, мәдени және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірісі “Себат” халықаралық білім мекемелері желісі 2017 жылы жергілікті ұйым ретінде қайта тіркеуден өтіп, “Сапат” деген жаңа атау алған.

Бұдан кейін Қырғызстан мен Түркия арасы едәуір салқындап, соған дейін бір-бірімен жиі кездесіп жүрген екі мемлекет басшылары соңғы екі жылда жоғары деңгейде кездесу өткізген жоқ.

Түрік билігі 2016 жылғы мемлекеттік төнкеріс  жасауға тырысты деп АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленді айыптайды. Гүлен ол айыптарды жоққа шығарады.

https://kaz.365info.kz/putin-akhsh-tyn-zhana-sanktsiyasy-zhoninde-resej-arsyzdykhkha-shydap-otyra-bermejdi-273773

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз