Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Бай жігітке ғана тұрмысқа шығам!». 19 жастағы қыз ағынан жарылды

156

Бәз-біреулер парасатты, намысты, мықты болу керек, өз еңбегіңмен табысқа ұмтылу қажет”, – дейді. Әне, көрші әйел жүр, нағыз мықты әйел”. Есек сияқты екі-үш жұмыста, арқа еті арша, борбай еті борша болып жұмыс істейді, бірақ бәрібір анда тартса мұнда, мұнда тартса анда жетпей, өлместің күнін кешуде.

Кезінде солар махаббат деп, басқасына көз жұмып, балаларының әкесіне шықты ғой тұрмысқа. Не болды енді?

Ондай еркек те қалтасының таяздығына қарамастан көзге шөп салады, әйеліне қолын да көтереді. Ақыр аяғы ештеңесіз, балаларына да қарамай кете барады. Сосын әлгі мықты әйелдердің” түнде жастыққа басы тиген соң көз жасын ағызатынына сенімдімін.

Ерлі-зайыпты талай туған-туыс бар, олар қашан да таңдау жасауға мәжбүр. Қысқы аяқ киім аламыз ба, әлде қайсысымыздың тісімізді жөндетеміз? Пәтерді жөндейміз бе, әлде жазғы демалысқа Алакөлге барамыз ба, әлде Қапшағайға ма? Бұлар — қарапайым, өз еңбегімен ақша тауып жүрген қатардағы жұмыскер адамдар.

Көргенің кедейлік болса, қайдағы махаббат?

Екі әпкем ше? Екеуі де «ойбай, махаббат!» деп тұрмысқа шыққан. Ендігі өміріне жаным ашиды, балаларын бала-бақшаға берейін десе, ақша жетпейді. Пәтерденпәтерге көшіп жүр әлі күні. Оның несі жақсы?

Мен сұлу қызбын, әрі өте жаспын. Таңнан кешке кеңседе отырып, бас ауыртқым келмейді. Сәнді киініп, жиі саяхатқа шыққым келеді, қалаған кезде қалаған ресторанға кіріп, тамақтанғым келеді. Сұлулық салондарына, фитнес залдарға барғым келеді.

Өмірде ештеңеге қол жеткізе алмаған, мүмкіндігі шамалы, жаман жігітке қор болғым келмейді.

Мені қамтамасыз ете алмаған еркекке мен неге махаббат пен қуаныш сыйлауым керек?

Кімнің бақытты болғысы келмейді? Жылы да жайлы үйім болғанын қалаймын. Өз күйеуімді құрметтегім келеді, сүйгім келеді. Солай, менің жағдайымды жасауға толық әлеуеті жететін жігіт табылар.

Менің арман-тілектерім соншама ерекше ме? Меніңше, бұл қалыпты, ақылға қонымды тілек сияқты. Әлде менің оған қақым жоқ па?», дейді 19 жастағы студент қыз.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз