Экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров Есентаеваның күйеуінің көзіне шөп салғанын Бақытбектен көрді. Ол Баянның мықты әйел екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Экс-депутат “Егер әйелің көзіңе шөп салса, өзіңнен көр” деген Баянның келтірген мақалына қосылатынын айтты.
“Баян тағдыры оңай емес болса да, мықты әйел. Бұл тұста оның әйел екенін ескеру қажет. Әйел ретінде ол әлсіздік танытып, сезіміне ерік берді. Әйелдер логикаға көбірек сүйенеді”, – деп жазды ол.
“Ол отбасында мұндай дағдарысты кешіп атқан жалғыз әйел емес. Бірақ ол елдің өзіне айтқан барлық сынына қарамастан, күресіп келе жатқан жалғыз әйел. Солай бола тұрса да, ол махаббат іздеп жүрген қарапайым ғана әйел.
Оған бақыт тілейік. Мықты әйел деген болмайды, әлсіз еркек болады”, – деп жазды ол.
“Кез келген некеде қарым-қатынастың көшбасшысы деген бар. Бұрын еркектер көшбасшы болатын, қазір көп жағдай әйел.
Санасы бар еркек көшбасшы әйеліне қарсы шықпайды. Өзі кінәлі”, – деді ол.
Естеріңізге салсақ, отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында Баян Есентаева өзінің күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтып,
“Егер әйелің көзіңе шөп салса, өзіңнен көр”
деген француз мақалынан мысал кетірген болатын.