Жаңа премьер-министрді тағайындау туралы Елбасының жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
“Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын”,
– делінген.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 8-қыркүйекте Елбасының өкіміне сәйкес, үкімет басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған болатын.
2013 жылдан 2016 жылғы 9-қыркүйекке дейін Сағынтаев бірінші вице-премьер лауазымында еңбек етті.
Ол 1963 жылы дүниеге келген. Әр жылдарда Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімі, монополияға қарсы күрес ведомствосының басшысы қызметтерін атқарып, экономикалық даму және сауда министрлігін басқарды.