Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
16
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Бақтықожа Ізмұхамбетов Ардагерлер ұйымына басшы болып тағайындалды

Күн тәртібінде „Ардагерлер ұйымы„ басшысы Өмірзақ Озғанбаевтың өз еркімен қызметтен кету туралы өтініші қанағаттандырылып, оның орнына жаңа басшы тағайындау қарастырылды.

Кеңес мүшелері осы лауазымға ұсынылған Бақтықожа Ізмұхамбетовтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

Ал Озғанбаев Ізмұхамедовтың орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахитдинұлы 2016 жылы наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалған. Оған дейін ол Атырау облысының әкімі болған. Өзі де осы өңірдің тумасы.

Мамандығы – инженер. Уфа мұнай институтын бітірген. Көп жылғы еңбек жолын мұнай саласына арнаған.
Алдында елімізде жоғары қызметтерде жаңа тағайындаулар болады деген болжамдағы мәліметті жариялағанбыз.

Болжам бойынша, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің, ал бұл қызметтегі Нұрлан Ниғматулин ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынтағына жайғасуы мүмкін.

Ал Мәжіліс басшылығындағы Бақтықожа Ізмұхамбетов депутаттық мандаттын сақтай отырып, ардагерлер ұйымына басшылық жасамақ делінген-ді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз