“Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлік алғанын айтып, желіде темір тұлпарының фотосын жария етті.
“Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов табынушыларына су жаңа көлігін көрсетіп, сүйнші сұрады. Әншінің бұл көлікке деген махаббаты зор болғаны соншалық, одан бас тарта алмаған екен.
“Бір-бірімізді таптық. Одан бас тарта алмадым”, – деп жазған әнші BMW көлігінің фотосын жүктеген.
Пікір қалдырушылар болса, әншінің тұлпары өзі секілді керемет екенін айтып, ақ тілектерін жаудырды. Ал кей пікір қалдырушылар әншінің фотода Роналдуға ұқсап қалғанын айтқан.