Ресей боксшысы Евгений Тищенко бүтін ұлтқа келтірген сөзі үшін кешірім сұрап, өзіне қиянат жасалғанын мәлімдеді.
Рио Олимпиадасының чемпионы Евгений Тищенко жақында «Комсомольская правда» радиосына берген сұхбат алды әңгімесінде:
«Шынын айтқанда, жанкүйерлердің реакциясы туралы артықтау болады, ол туралы бәрін айтып салдым емес пе? Мен олардың уілінен ләззат алдым. Нақтысында, мен оларды сыйламаймын. Бұл ұлтты сыйламаймын„ —
Алайда сол ағынан жарылып отырған орыстың журналистері бұл видеоны кейіннен, сенсация қуып, интернетке жариялап, сөйтіп — өз елінің чемпиондарының масқарасын шығарады.
Бұл жайтқа байланысты Sputnik интернет басылымы ресейлік спорт ұйымдары мен спортшының өзінен пікір алуға тырысқан.
Спорт ұйымдары әртүрлі уәжбен Тищенконың бұл қылығына баға беруден қашқан. Ал спортышының өзі болса, кешірім сұрап отыр.
„Бұл сөзім ешқай жерде жарияланбау керек болатын. Бұл жасырын камерамен түсірілген секілді„ – дейді ол.
Оның айтуынша, Риодан еліне оралған соң оның атына интернетте Қазақстан өкілдері түрлі жазба қалдырып, көңілін түсірген.
„Менің бұл ұлтқа ешқандай өшпенділігім жоқ, бірақ грамматикалық қатесі бар, балағаттаған қазақ жанкүйерлерінің жазбасы мені қатты ренжітті„ – дейді Тищенко.
Ол эфирге арналмаған түсірілімді жариялау арқылы өзіне қиянат жасалды деп есептейді.
„Мен кешірім сұраймын. Дегенмен жекпе-жектегі өзіме қатысты қазақстандық жанкүйерлерінен жаман сөз естіген ауыр болды. Оны мен шешкен жоқпын қой. Әділқазылар шешті„, – дейді ол.
Еске сала кетелік, Евгений Тищенкомен Рио Олимпиадасының шешуші жекпе-жегінде жерлесіміз Василий Левит шыққан болатын. Әділқазылар жеңісті Ресей боксышысына бұйырғанымен, мұнымен көпшілік келіспеді: сол жекпе-жекке жанкүйер қауым мен бірқатар халықаралық спорт ұйымдары да. Қалай дегенмен де Риодан оралған спортшымыз – Василий Левитке ел билігі Олимпиаданың алтын жүлдесінің сыйақысы – 250 мың доллармен марапаттады.
https://www.youtube.com/watch?v=PxYkoXXjr6Y