Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бөтендігін істеді. Алматыда жоғалған баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды

Кеше кешкісін Наурызбай ауданында орналасқан саяжайлардың бірінің жертөлесінен баланың өлі денесі табылды. Кейіннен, анықтай келгенде, ол саяжайды баланың өгей шешесі жалға алған болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бала қылқындырылып өлтірілген, сондай-ақ денесінің бірнеше жерінен пышақ сұғылған. Қылмысын жасыру үшін қаскөй денені жалға алған үйдің жертөлесіне көміп тастаған.

Шұғыл іздестіру шаралары кезінде баланы ұрлап, өлтіруге қатысты деген төрт адам ұсталды. Олар сол күні Алматыны артқа тастап кетпек болған.
Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы қазір баланың неден өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуді тағайындады.

Ұсталғандар қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз