Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бүгіндері астық түсімі мемлекеттік қолдаудың арқасында 2,5 есеге көбейді

111

Шынында да, астықты өлке осындай бағалауға әбден лайық. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына толымды тарту жасады.

Сала ардагерлері, еңбек озат­­тары қатысқан алқалы жиын­да күзгі орақ жұмыстары қо­ры­тын­дыланып, гектар берекелілігі 18 центнерден айналғаны мәлім етіл­­ді. Бұл – Отан қамбасына 5,8 миллион тонна астық құйы­л­ды деген сөз. 1991 жылдары түсімділік 6,4 центнерді құр­са, бүгінгі күні 2,5 есе өсіп отыр. Мемлекеттің зор қолдауы, агро­техникалық шаралардың тиім­ді қолданылуы арқасында өңір­де азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етудің шаралары жан-жақты қарастырылып ке­леді.

Бүгінде облыс аумағында 861 ауыл­шаруашылық кәсіпорны, 3653 серіктестік пен шаруа қожа­лығы, жалпы сыйымдылығы 6,6 миллион тоннаны қамтитын 52 астық қабылдау орны жұмыс іс­тей­ді. Ауылшаруашылық өнім­де­рін қайта өңдеу бағытында да игі ізде­ністер, жемісті істер аз емес. Жыл басынан бері 1,1 миллиард тең­генің 11 жобасы пайдалануға бе­ріліп, 131 жаңа жұмыс орындары ашылды. 1 миллион 46 мың тонна ауылшаруашылық өнімдері экспортталып, сыртқы нарық көкжиегі кеңейе түсті.

Күзгі орақ науқаны қырда егін өсірген диқан қауымының маңдай терінің, қажырлы еңбегінің жемісін ақтап, күш біріктірсе, алынбайтын асудың жоқтығын, ортақ мақсат жолында толымды табыстарға жетуге болатынын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Гектар берекелілігін 21,7 центнерден айналдырған Аққайың ауданы жеңімпаз ретінде танылып, 15 миллион теңгенің сертификатын иеленді. Мағжандықтарға 10 миллион теңгенің, жамбылдықтарға 5 миллион теңгенің сертификаты тарту етілді. Кең даланы еңбек дүбіріне бөлеп, агроөнеркәсіп саласының дамуына өз үлестерін қосқан бір топ механизатор, комбайншыға «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығының үздігі» медальдары мен төсбелгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

– Биыл Үкімет тарапынан 800 миллион теңге субсидия бөлінді. 877 миллион теңге инвестиция тартылды. «Астраханское» ЖШС өнімділікті 35 центнерден асырып, рекордтық өнім алды, – деді сөйлескенімізде Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Еркін Жақыпов.

Қошеметке бөленгендердің бірі «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінің механизаторы Ардақ Сағитов ауыл шаруашылығы саласына 31 жыл ғұмырын арнап, маңдай терін төгіп келеді. Бұрындары «Нива», «Енисей» комбайндарын тізгіндесе, енді «Есіл-763» техникасын ұршықша үйіреді. Костанайда шығарылатын бұл комбайнның артықшылықтары көп. Ең бастысы, теріскейдің ауа райына лайықталып жасалған, дейді ол. Жамбыл ауданы «НТС-Агро» серіктестігінде бас агроном қызметін атқаратын Сәкен Қайыржанов жастар ауылға көптеп келсе, аға буынның ізін басып, жолын жалғастырса деген игі тілегін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз