Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бүгін – Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ақталған күні

478

Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і – Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Сондай-ақ осы күн Желтоқсан құрбандарын еске алу күні де. Бұл күні Қазақ халқының азаматтық және саяси позициясын айқын аңғарта білген, 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі қанды қырғында опат болған жастардың аруағына сыйынып, құран оқылады.

Еске сала кетейік, бұдан 27 жыл бұрын 1986 жылғы желтоқсанның 17-19-ы аралығында Алматыда қазақ жастарының КСРО билігінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары орын алды. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы Г.В.Колбинді Казақстан Компартиясы ОК-нің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Желтоқсанның 17-і күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін ереуілшілер саны 20 мыңға жетті. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде «Желтоқсан. 1986. Алматы.», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы – ел намысы» жинақтары, Коммунар Тәбейдің «Мұзда жанған алау», Т.Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары жарық көрді, «Аллажар», «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді. 2006 жылы Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты көлемді кітабы басылып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз