Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бүгін Астанада құқықтық тәртіп әскерінің құрылу күніне орай бірнеше шара өтеді

453

Астанада 10 қаңтар күні сағат 12.00-де Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында ( Астана қаласы, Жангелдин көшесі 2) салтанатты шара өтіп, оған әскердің ардагерлері мен жеке құрам қатысатын болады. Шараға тәуелсіз Қазақстанның төл құқықтық тәртіп әскерінің құрылуы мен қалыптасуының бастауында тұрған генералдар, ардагер офицерлер шақырылған.

Осы күні Ұлттық ұланның Астана қаласындағы №6636 әскери бөлімінде 187 жас сарбаз салтанатты түрде Әскери ант қабылдайтын болады.
10 қаңтар күні Ант қабылдау рәсімі келесі мекенжайда өтеді: № 6636 әскери бөлімі – басталуы сағат 10.00-де, Досмұханбетұлы көшесі, 2-үй
(бұрынғы Чугунка ауданы, облыстық МАИ).

Сондай-ақ 10 қаңтар күні сағат 19.00-де Орталық «Қазақстан» концерт залында Ұлттық ұлан Ән-би ансамблі мен оркестрінің Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 25 жылдығына арналған гала-концерт өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз