Бүгін – 18-желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 11.54-те жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 128 шақырым жерде екені анықталды.
“Энергетикалық класы 11.3-ке тең, магнитудасы – 5,0. Күші 2-3 балға тең жер сілкінісі сезілген”, – деп хабарлады мамандар.