Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
9
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Қазпошта Рио Олимпиадасы жеңімпаздарына арнап, атаулы маркалар шығарды

167

Пошта маркаларында 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы ХХХI Олимпиада Ойындарының алтын және күміс жүлдегерлері Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Нижат Раxимов, Гүзел Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов, Әділбек Ниязымбетов бейнеленген.

Астанада өткен маркаларға мөр басу салтанатына Әділбек Ниязымбетов, Дмитрий Баландин, Нижат Раxимов, Василий Левиттер келді.

“Есімімізді маркаларда мәңгі қалдырып отырған Ұлттық Олимпиада комитетіне және Қазпоштаға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздер үшін бұл – өте үлкен мәртебе”, – деді жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин.

Маркалар 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған. Перфорациясы жоталы. Таралымы – 40 мың дана. Белгіленген бағасы – 200 теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз