Украина премьер-министрі Владимир Гройсман елде ерлі-зайыптылардың қандай да бір себеппен ажырасуна тыйым салуды қолға алатынын жеткізді.
Украина премьер-министрі Владимир Гройсман елде ерлі-зайыптылардың қандай да бір себеппен ажырасуна тыйым салуды қолға алатынын жеткізді.
Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
«Мен, жалпы, әділет министрінің ажырасуға тыйым салу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Жұрттың бәрі мұны қалжың деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ бұл – менің шындығым. Себебі, отбасы деген – ең жоғары құндылық. Маңыздысы, үйлі-жайлы адамдар бір-бірлерімен бақытты өмір сүрулері керек»
– деді Гройсман Украина министрлер кабинетінің отырысында.
Премьер бұл мәлімдемесін Украина әділет министрі Павел Петренко тәулігіне некеге тіркелетіндер жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғанын баяндағанынан кейін жасады. Министрдің айтуынша, жобаның алғашқы қызметін Киев, Одесса және Львов қалаларының тұрғындары пайдалана алады.
Жоба көп ұзамай Херсонда, Мариупольде және Северодонецкіде жүзеге асырылмақшы. Қазіргі таңда Украинада некеге тіркелу үшін 30 күн бұрын өтініш беріледі.