Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әзербайжанда түркі әлемінің көне ұлттық ойындары өтті

Жалпы, балалар асық, бестас секілді ұлттық ойындар бойынша сынаққа түседі.

Айта кететіні, бұл фестиваль алғаш рет Алматыда өткен еді. Одан кейін, Астана мен түріктің Эскишехир қаласында ұйымдастырылған.

«Қатысушылардың барлығы сондай мейірімді. Бәріміз татумыз. Біз бір-бірімізге туған қаламыз жайлы, достарымыз туралы айтып, ақпарат алмастық», – дейді Қазақстаннан келген қатысушы Лиана Ибрагим.

Мұндағы мақсат – көне ұлттық ойындарды дәріптеу, балаларды жалпы түркі мәденитіне тартып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

«Түркітілдес елдердің барлығында бұл ойындар ұқсас келеді. Олар осы күнге дейін жетіп отыр. Алайда жоғары технологиялар заманында ұмыт бола бастады. Сондықтан бұл ойындарды қайта жандандыру үшін балалардың басын қосып, оларды ауызбіршілік пен достыққа шақырып отырмыз», – деп атап өтті «Юнус Эмре» институтының Бакудегі бөлімшесінің директоры Ибрагим Йылдырым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз