Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әзербайжанда діндарлар көтеріліп, екі полиция қаза тапты

Полиция митингке шыққан 40 адамды ұстаған, қалғандары қашып кеткен.

“Қаланың орталығында тәртіп шамамен 30 минутта толықтай қалпына келтірілді. Өкінішке қарай, алаңға шыққандарды тәртіпке шақыру кезінде радикалдық ағымдағылардың жарақатынан полицияның екі офицері — полковник Ильгар Балакишиев пен полковник-лейтенант Самед Аббасов көз жұмды”, — деп хабарлады ІІМ.

Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

“Қылмыстың барлық ұйымдастырушысы мен қатысушысын жауапкершілікке тарту үшін қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, — деп мәлім етті министрлікте.

Бұған дейін Әзербайжан билігі Гянджи атқарушы билігінің басшысы мен оның оққағарына шабуыл жасалып, олардың зардап шеккенін хабарлаған еді. Күдікті 35 жастағы Ресей азаматы Юнис Сафаровты полиция оқиға орнында ұстады. Ол „Мұсылмандар бірлігі қозғалысын„ басқарып, діни мемлекет құру үшін әрекет қылады деп күдікке ілінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз