Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Азан дыбысы жоғары”. ҚР Дін істері министрлігі шағымдарға жауап берді

Ведомство дыбыс режимін бұзу деректерін тексеру және анықтау санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары құзыретіне тиесілі екенін атап кетті. Сонымен қатар, «Тұрғын үй кешендерінде, қоғамдық ғимараттарында және тұрғын үй алаптарында шуыл мен инфрадыбыстың гигиеналық нормативтік деңгейіне» сәйкес, сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін тұрғын үй пәтерлеріне естілетін дыбыс деңгейі 30-45 децибелл екенін еске салады.

Ал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз кезегінде жыл сайын мешіт азанының дыбыс деңгейіне қадағалау жүргізетінін хабарлайды. Оның нәтижесінде республиканың ешбір мешітінде дауыс ұлғайтқыштардың дыбыс режимінде норманы бұзу деректері болмағаны анықталды. Астана әкімдігі қала тұрғындары бұл мәселеге қатысты қалалық дін істері басқармасына хабарласа алатынын хабарлайды. Арыз негізінде тексеріс ұйымдастырылады.

Еске сала кетсек, жуырда әлеуметтік желілерде тұрғындар арасында BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев пікірталас тудыратын жазба жариялаған. Ол Facebook парақшасында қала мешіттеріндегі түнгі құлшылық дыбыстары жоғары шығады деп шағымданған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз