Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Азаматтық қоғам қалыптастыруда волонтерлердің еңбегі зор

122

Волонтерлік қызметті дамыту азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал ететін үлкен күш. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар.

Бүгінгі күні волонтерлік бағыттары кеңіп, түрлі сала мамандарын біріктіретін бұл ұғым өмір сүру стиліне айналып үлгерді. Жас ұлан ұйымы өз бастауын алған кезден бастап, жастар мен жасөспірімдерге осы моральдік қағиданы ұстап, қоғам игілігіне қызмет көрсетуді дәріптеп келеді. Қызметтік жолында түрлі волонтерлік шаралар мен жобалар ұйымдастырып, тіпті мультфильм мен ертегі шығарып та үлгерді.

Биылғы жылы Жас ұлан ұйымы тағы да бір үлкен жобаны жүзеге асыруда. Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлескен «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы.

Жоба құндылығы еліміз бойынша білім саласының волонтерлеріне ортақ алаң құру, ортақ жұмыс ұйымдастыру, әр өңірге әсіресе ауылдық мекендерге волонтерлік көмек көрсету.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, 2000 волонтерді арнайы оқытудан өткізіп, біліктіліктерін арттыру және осы біліктіліктерімен халықтың түрлі топтары үшін цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық саласында оқыту іс-шараларын, шеберлік сыныптарын, семинар-тренингтер өткізу.

Заман ағымына сәйкес бұл бағыттар үлкен сұранысқа ие және жіті меңгеруді талап етеді. Жоба аясында кемінде 5000 адамға волонтерлік көмек көрсету жоспарлануда. Волонтерлер үшін бұл өз біліктілігін арттырумен қатар, білім беру бағытындағы ойларын, жаңа бағыттарды талқылау мен жүзеге асыру бойынша үлкен платформа. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша маман болсаңыз, сізді осы жоба алаңының мүшесі атануға шақырамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз