Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“ҚазАгро” жылыжай құрылысын 46,5 млрд. теңгеге қаржыландырады

Степногорскідегі жылыжай – «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған және пайдалануға берілген осындай 33 өндірістің бірі. Жалпы, қазіргі уақытта Холдингпен жабық топырақта 41 жоба қаржыландыруға мақұлданды, құны 46,5 млрд. теңге және жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 63 мың жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Олардың жалпы алаңы 147 га құрайды.

Холдинг отандық фермерлер мен агроқұрылымдарға жеміс-көкөніс бизнесін дамыту үшін қолдаудың қаржы құралдарының кеңейтілген жиынтығын ұсынады.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында, Холдингпен жылыжай шаруашылықтарынан басқа келесі бағыттардағы жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады, олар: суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру  (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 239 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі.  Соның ішінде 63 жоба іске қосылған),бау-бақшалар құру және дамыту (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 31 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Барлық 14 жоба пайдалануға берілді), көкөніс қоймасының құрылысы және жаңарту (16,7 млрд. теңгенің 44 жобасы мақұлданды, бір жолғы сақтаудың жиынтық сыйымдылығы 185 мың тонна, оның 41 жобасы пайдалануға берілді).

Қаржыландырылған объектілер жобалық қуатқа шығу кезінде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуі жоспарланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз